Меню KDT
МЕНЮ
Школа

№18 орта мектеп

№18 орта мектеп сайтына қош келдіңіздер

Новости

«Біз Қазақстанның болашағымыз!» атты мектеп оқушылары Спартакиадасы

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Біз Қазақстанның болашағымыз!»  атты мектеп оқушылары Спартакиадасы шеңберінде ұлдар және қыздар арасындағы волейболдан, 2015 жылдың қарашасынан бастап 2016 жылдың ақпан айына дейін өткізілген жарыс өз мәресіне жетті.

         Ақпанның 17-20 аралығында №56 ОМ спортзалында волейболдан ақтық ойындар өтті. Біздің құрама командаларымыз топтық, аудандық ойындардан сүрінбей өтіп, «Сарыарқа» ауданының жеңімпаздары атанып, ақтық ойындарға жолдама алды.

Қыздар арасында ақтық ойындарында №18, 16, 27, 44, 61, 76 ОМ командалары қатысты. Біздің қыздарымыз Спартакиаданың ІІ орнын жеңіп алды.

Ұлдар арасында ақтық ойындарға қатысқан  №18, 4, 24, 44, 58, 63 ОМ командалары болды.  ІІІ-і орынға біздің ұлдарымыз №63 ОМ командасын 2:0 есебімен жеңіп, жарыстың қола жүлдесіне ие болып былтырғы нәтижені қайталады.

Біздің командалардың капитандары Шерхан Шахмардан және  Мухамедкалиева Камила жарыстың үздік ойыншылары атанды.

№18 ОМ командасының жеңімпаз ойыншылары – Мухамедкалиева Камила 9а, Нуртаева Гулайым 9а,  Серикова Аида 9а, Жұмагұл Қаракөз 9а,  Жүсіпназар Жансұлу 9ә, Сарина Алина 7б, Сәкен Мейрамгүл 9а, Шерхан Шахмардан 7а, Каракенов Ермахан 9ә, Аюпов Аслан 9а, Темиров Ербол 9г, Аюпов Жасұлан 9а, Құрманбай Бекасыл 9ә, Шафиков Ернат 9а, Сейсенбаев Бекболат 9а, Даутов Танат 7б және Айтжанов Султан 8в.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!













Просмотров: 177

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Әкімшілік

Полезные ссылки

город Астана, улица Богенбай 17   
e-mail: 18_sсhool.astana@mail.ru
Тел: 50-15-74, 50-15-75