"Жырла жүрек" М.Мақатаевтың 85 жылдығына арналған кеш
Ақпан айының 06 күні Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған «Жырла, жүрек!» атты әдеби сазды мерекелік кеші болып өтті. Абай болып түңілем бір кісіден , - деп жырлаған, мұзбалақтар ғана мекен ететін мұзарттарға жұлдызды жол тартып, жалындап өткен жырдың марқасқасы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Жырла, жүрек!» атты әдеби – сазды кешімізге хош келдіңіздер, ағайын! – деп басталған кешімізге , Қазақ радиосы , Таңғы ойын - сауықтық бағдарламалар редакциясының жетекшісі , «Нұр - сұңқар» сыйлығының иегері, бірнеше республикалық байқаулардың жеңімпазы Құралай Жұмахановна, Қазақ Республикасы Мәдениет қайраткері Мұхамедияр Рашай, Қазақстан Ұлттық телеарнасының аға редакторы , ақпарат саласының үздігі Ғалия Өзбекбайқызы, Қазақстан Ұлттық телеарнасы , «Бүгін жексенбі» бағдарламасының жүргізушісі , журналист Жансерік Берікқазыұлы, Қазақстан Ұлттық телеарнасы , «Таңшолпан» бағдарламасының журналисті Қайырхан Мәулен қонақта болды.



Просмотров: 434
Комментарии