«Тәрбие тал бесігім» мектеп оқушыларымен кездесу
Ақпан айының 1 күні мектебімізге айтыскер ақын Балғынбек Имашев ағамыз бастаған ақындар келді. 9 , 10, 11 сынып оқушыларымен және ата – аналарымен мектеп ұстаздарымен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты бала тәрбиесі , қыз бала тәрбиесі, тәрбиедегі ата – ананың рөлі жайында болды. Балғынбек, Жандарбек ағаларымыз оқушыларымызға өзінің өмір баяндарымен , мектеп уақытындағы қызықты сәттерімен бөлісті. 11 сынып оқушыларына өз ақылдарын айтып өлең шумақтарын арнады. Ата – аналар өз алғыстарын айтып , ризашылықтарын білдірді. Оқушылар саясат, білім жағынан өз сұрақтарын қойып ұтымды жауаптар алды.

Просмотров: 125
Комментарии