Меню KDT
МЕНЮ
Школа

№18 орта мектеп

№18 орта мектеп сайтына қош келдіңіздер

Новости

Қамқоршы күні

27.10.2017
Просмотров: 111
27 қазан мектебімізде "Қамқоршы күні" республикалық қайырымдылық акциясы өтті.Ұйымдастырылған іс-шара бойынша, ата-анасынан айырылған немесе қараусыз қалған балаларды қамқорлығына алып қана қоймай, оларды баласындай көріп, аялы алақандарында мәпелеп, барынша мейірімділік танытып, ата-ананың міндетін атқарып жүрген бүгінгі біздің абзал жандар яғни қамқоршыларымызды құттықтап,алғыс білдірдік.
Толығырақ >>

"Сөз құдіреті" мәнерлеп оқу

19.10.2017
Просмотров: 108
18.09.2017 жылы 2-3 сынып оқушылары арасындағы І қалалық "Сөз құдіреті" мәнерлеп оқу байқауына қатысып 3 сынып оқушысы Мұсағали Айым және жетекшісі Изембаева Бибинур Канапиевна ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын!!!
Толығырақ >>

1 қазан- Қарттар күні

30.09.2017
Просмотров: 150
1 қазан қарттар күніне байланысты, "Қарттар біздің қазынамыз" атты қайырымдылық іс-шарасы өтті.Тәлімгердің ұйымдастыруымен 9 сынып оқушылары қарттар үйіне барып, аздаған силықтарын тарту етіп, құттықтап қайтты. Қарттарымыздың жүзінен жылулықты,мейірімділікті көріп, оқушыларымыз қуанып, үлкен кісілердің ақ батасын алып қайтты. Қарты бар үйдің қазынасы бар деген сөздің мағынасы терең екенін оқушылар сезінді.
Толығырақ >>

Ұлағатты ұстаздарды құттықтау

29.09.2017
Просмотров: 125
Ұстаздар күніне орай, мектебімізде "Ұстазым саған арнадым" атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, мектеп оқушылары белсене қатысып, жүрек жарды ізгі тілектерін білдіре отырып, өнерлерін көрсетті. Ән мен күйге ұласқан оқушыларымыздың өнерлері ұстаздар қауымын қуантты. ұстаздарда шәкірттеріне алғыстарын білдірді.  <img
Толығырақ >>

22 қыркүйек-тілдер күні

22.09.2017
Просмотров: 110
№ 18 орта мектебінде Қазақстан халықтарының достығы мен бірлігін дәріптейтін 22-қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған салтанатты мерекелік кеш өтті.  Мектеп әкімшілігі бекіткен шаралар жоспары бойынша апта бойы шаралар өткізілді. 18 қыркүйек күні салтанатты линейкада апталықтың ашылу рәсімі өтті.Барлық өткізген шаралар өздерінің терең маңыздылығымен ерекшеленді,тәрбиелік бағасы зор екенін танытты.
Толығырақ >>

Әкімшілік

Полезные ссылки

город Астана, улица Богенбай 17   
e-mail: 18_sсhool.astana@mail.ru
Тел: 50-15-74, 50-15-75