28.10.2017
Просмотров: 120
28 қазан 2017 жылы қазақ бастауыш сыныптар арасында "Күзгі қызықтар" атты сахналық қойылып іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты- оқушылардың санасына күз байлық, күз молшылық, күз шаттық, күз қуаныш екенін жеткізіп, оларды ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баули отыра жеміс-жидектерден түрлі бұйымдар жасатып үйрету, жыл сайынғы алтын күз мерекесін атап өту. Мереке барысында әр сынып сахналық көрініс көрсетті. Ата-аналар да бұл шараға өздерінің көмектерін берді. Барлық сыныптар мерекеге атсалыса қатысты. Мерекелік кеш соңында әр сыныптарға мадақтамамен марапатталды.